Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Nur Otan: Ақтөбеде жыл сайын 1,3 миллион түп ағаш отырғызылады

Ақтөбе облысында жыл сайын 400 гектарға жуық аумаққа 1,3 млн түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Асқар Қыстаубаев, Сергей Вишняк Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушы-профессор құрамы және кітапханашылармен кездесуінде айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
 

Nur Otan: Ақтөбеде жыл сайын 1,3 миллион түп ағаш отырғызылады
фото: дереккөз

Nur Otan партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Рахат Сыдықов, Ғалымжан Елеуов, Сергей Симонов және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Асқар Қыстаубаев, Сергей Вишняк кітапханада кездесу өткізді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушы-профессор құрамы және кітапханашылармен өткен кездесуде Сергей Вишняк білім саласындағы басым бағыттарға тоқталды.

"Білім сапасын одан әрі арттыру үшін Nur Otan партиясы бірнеше міндетті алға қойды. Өңірде 1340 орындық 5 студенттік жатақхана салынады. Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орнының студенттері үшін 500 орындық бір және колледждерге 840 орындық 4 жатақхана бой көтереді. Жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыру үшін ірі компаниялармен арада келісім жасалады. Сонымен бірге түлектердің кәсіп бастауына да мүмкіндік бар. Өңірде жыл сайын жастардың өз ісін ашуына және бизнес жүргізуіне жағдай жасалады. Атап айтқанда жыл сайын облыс әкімінің 20-дан астам гранты бөлінеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,3% - дан 3% - ға дейін төмендейді", - деді Сергей Вишняк.

Ал үміткер Асқар Қыстаубаев экологиялық ахуалды жақсарту жолын айтты. Ақтөбе қаласындағы жағымсыз иісті жою, қоқыс сұрыптау, өндіріс орындарының технологиясын жаңғырту міндеті айқын.

"Экологиялық әл-ауқат - жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Nur Otan партиясының мақсаты - атмосфераға ластаушы заттардың эмиссиясын төмендету және қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы өңірдің әлеуетін тиімді пайдалану. Бұл үшін алдағы бес жылда Ақтөбе ферроқорытпа және Ақтөбе хром қосындылары зауыттарының технологиялық жабдықтарының шаң-газ тазарту қондырғылары қайта жаңартылып, облыстың ірі кәсіпорындары ілеспе мұнай газын кәдеге жаратады. 9 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салынады.  Облыстың қалалары мен аудандарында қоқысты бөлек жинауға арналған 2 мың контейнер орнатылып, жыл сайын 396 га жерге 1,3 млн түп ағаш отырғызылады. Нәтижесінде атмосфераны ластаушы заттардың эмиссиясын 255 мың тоннаға дейін төмендетуге және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату үлесін 15% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар", - деді Асқар Қыстаубаев.

Қазіргі кезде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 15 мыңнан астам студент бар. Олардың жан-жақты білім алуы және оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасалған. Жоғары оқу орны кадр дайындау ісінде өңірдегі ірі өндіріс орындарымен меморандумға қол қойған. Инженер-техниктер Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тәжірибе жинайды.

"Сонымен бірге кездесу кезінде денсаулық сақтау саласындағы тың өзгерістер жайы айтылды. Аурухана мен емхана құрылысы, материалдық-техникалық базаны нығайту – басты міндет. Nur Otan партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай, ал әрбір азаматқа медицина саласындағы үздік тәжірибе қолжетімді болуын құптайды. 2025 жылға дейін партия емханаларға 20 минуттық және дәрігерлік амбулаторияларға 10 минуттық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алдағы бес жылда өңірде 15 денсаулық сақтау нысанның ішінде балалар инфекциялық корпусы, облыстық инфекциялық аурухана, Checkup және ПЭТ орталықтары, облыстық қан орталығының құрылысы бар. 2025 жылға дейін 28 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуден өтеді. Партияның бұл бағыттағы жұмысы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, түрлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді. Біз сіздерді нақты істің партиясы Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамыз. Партия экономикадан бастап ашық және есеп беретін жергілікті органдардың ашық жұмысын қамтамасыз етеді", - деді Сергей Вишняк.

Алдағы бес жылда қатерлі ісікті ерте анықтау үшін жыл сайын кемінде 20 мың адам скринингтен өткізіледі. Сонымен бірге жыл сайын 20 бірлік медициналық жабдық сатып алынады. Оның ішінде компьютерлік томограф, МРТ аппараты, маммограф, электроэнцефалограф, УДЗ, өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі концентраттары бар. Сапалы қызмет үшін жыл сайын кемінде 12 дәрігер шетелде біліктігінін арттырады. Олар Израиль, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресейге бара алады.

"Ақтөбеліктерді Nur Otan партиясын қолдауға шақырамын. Партия экономиканы дамытып, білім мен медицина саласының қызмет сапасын арттырады. Ауыз су, газ жеткізу, жол салу жұмыстарының да нақты міндеті бар. Біз сайлауалды бағдарламаның әр бағытын іске асырамыз, адамдардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасаймыз", - деді Асқар Қыстаубаев.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.

Nur Otan партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.