Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Nur Otan әрбір отбасыға жаңа баспананың қолжетімді болуын қолдайды

Дария Қожамжарова колледж ұжымын Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын қолдауға, алға қойылған міндеттерді іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Nur Otan әрбір отбасыға жаңа баспананың қолжетімді болуын қолдайды
фото: дереккөз

Қалалық маслихат депутаттығына үміткер Дария Қожамжарова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет колледжінің ұжымымен кездесті. 

Кездесуде Дария Пернешқызы алдағы 5 жылдықта Nur Otan  партия ұсынып отырған өзгерістерге тоқталды. Кездесуде ұжымның басым бөлігін тұрғын үй мәселесі мен жастарға жасалынатын мүмкіндіктер жайлы бағыттар қызықтырды. Бұл мәселелер парияның 5 жылдық бағдарламасында толық қамтылғанын мәлім еткен Дария Пернешқызы тұрғын үй мен жастарға жасалынатын мүмкіндіктер жайлы кеңінен ақпарат берді. 

Айта кетейік, Nur Otan партиясының бастамасымен тұрғын үй құрылысының қарқыны артады. 2021 жылы Шымкент сити шағын ауданында 60 мың тұрғынға заманауи көпқабатты үйлер мен ойын-сауық орталықтары салынады. 5 жылда 3 млн ш.м. баспана немесе 47 мың пәтер салынады деп жоспарланған. Осылайша, 3 мыңға жуық көп балалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топтағы 532 азамат баспанамен қамтылады. 5 жылда 250 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді.  

"Біз, Сіздермен бірлесе отырып, көздеген мақсатымыз бен арманымызға жете аламыз.   Партиямызға үміт артып, сенім білдірсеңіздер - әрдайым нәтижелі іспен дәлелдейміз", - деді үміткер. 

Дария Қожамжарова колледж ұжымын «Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын қолдауға, алға қойылған міндеттерді іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Жиынға қатысушылар Nur Otan партиясы бағдарламасымен танысқанын және 10 қаңтар күні дұрыс тандау жасайтындарын  жеткізді. Себебі партиямен бірлесе отырып, әрбір Қазақстан азаматы бақуатты өмір сүруі, өзін-өзі дамытуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған берекелі қоғам құрамыз.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

NurOtan - нақты істер партиясы!

Шымкент қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.