Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматының 200-ден астам автоәуесқойлары Nur Otan-ды қолдауға бірікті

"BIZ BIRGEMIZ" алғашқы автомитингібелсенді демалысты, салауатты өмір салтын ұстанушы мен бей-жай қарамайтын алматылықтарды Nur Otan партиясын алдағы сайлауда бірге қолдау үшін жинады.

 

Алматының 200-ден астам автоәуесқойлары Nur Otan-ды қолдауға бірікті
Фото: дереккөз

Пандемия елдің қоғамдық-саяси өміріне және әлеуметтік-экономикалық процестерге елеулі өзгерістер енгізгеніне қарамастан, патриоттық рухтағы жастар мен мегаполистің танымал тұлғалары Шоқан Уәлиханов атындағы скверді айтарлықтай жандандырды. Партияны жақтаушылар қатарында-белгілі композитор, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов, қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік және басқалар бар.

"Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша: "Әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысына сәйкес біздің партия мәреге өте үлкен маржамен шығады. Себебі бізде әр адамға түсінікті бағдарламалар, барлық ресурстармен қамтамасыз етілген, праймериз іріктеуінен өткен үздік кандидаттар бар, ешқандай популизм жоқ. Ең бастысы Nur Otan тек сайлау кезінде ғана емес, әрқашан да халықпен бірге болған", - деп атап өтті Канкуров.

Алматыда нұротандықтардың жоспарында зиянды заттар шығарындыларын 3 есеге азайту және ЖЭО-2 газдандыру. 350 шақырым автожол, 4 жол айрығы және 7,5 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы бар.  Ол 240 мың жаңа жұмыс орындарының ашылуы, 19 емдеу-сауықтыру мекемесінің, 7 жаңа мектептің және 330 балабақшаның құрылысы. Бұл туралы "BIZ BIRGEMIZ" акциясына қатысқан Алматы қаласы бойынша депутаттыққа кандидаттар – М.Әузеов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, параолимпиялық спортшы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаны Серік Есматов, жастар ұйымдарының көшбасшылары Мәди Ахметов пен Айсұлу Ерниязова, қоғам белсендісі Константин Авершин, кәсіпкер Нұрымбек Тау, білім саласының үздігі Жұлдыз Сүлейменова және басқалары атап өтті. Ал партияның сайлауалды бағдарламасының толық нұсқасымен nurotan2021.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге салсақ, Алматыда Nur Otan партиясының депутаттығына кандидаттар 10 мыңнан астам кездесулер, оның ішінде «Есіктен - ескікке» акциялары өтті. Барлығы 1000-нан астам ұсыныс-тілек жиналды.

Сондай-ақ, 11 желтоқсаннан бастап мегаполисте Nur Otan партиясының қалалық және аудандық сайлауалды штабтарының жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды. Nur Otan партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ партияның сенімді тұлғалары азаматтарды онлайн форматта қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін келесі телефондарға хабарласу қажет: 8 (727) 279 78 00, 8 777 640 78 52, 8 747 106 79 68 

Nur Otan партиясына дауыс беріңіз!

Nur Otan партиясы Алматы қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.