Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Nur Otan: облыс медицинасын дамытуды басымдыққа қойды

Бүгін Семей қаласында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Саят Танатаров, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жұмағазы Рахымғалиев және Нұржан Бахаев "Семей медициналық университеті" КЕАҚ ректоры Ерсін Жүнісовпен кездесу өткізді. 

Nur Otan: облыс медицинасын дамытуды басымдыққа қойды
фото: дереккөз

Кездесу барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласы, қазіргі пандемия кезінде дәрігерлердің біліктілігін арттыру және медициналық мекемелердің қажетті құрал-жабдықпен жабдықталуы сияқты өзекті мәселелер талқыланып, екі жақты пікірлер ортаға салынды. Nur Otan партиясының алдағы бес жылға арналған бағдарламасы ел медицинасын дамыту барысын жаңа арнаға қойып, көрсеткіштерді арттыруға арналып отыр. Осы ретте аймақтағы медицина дамуы мен дәрігерлердің әлеуетін арттыру да алдыңғы қатарда.

"Елімізде коронавирус індеті таралған кезден бастап дәрігерлеріміз барлық күш-жігерін аталмыш індетпен күресуге арнады. Квалификалық бейімделу, науқастарды емдеу, провизорлардағы тәулік бойы кезекшілік ақ халатты жандардың ауыр да жауапты қызметтерінің бейнесін айқындай түсті. Бүгін, еліміздің басты партиясы медицина саласын дамытуды, дәрігерлердің жалақысын арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау сияқты басымдықтарды алға қойып, көптеген реформалардың бастамашысы болып отыр", - деді облыстық мәслихатқа кандидат Саят Танатаров. 

Айта кетсек, облыстағы білікті дәрігерлердің басым бөлігі осы Семей медициналық университетінің түлектері. Сондықтан бұл мекеменің өңір медицинасын дамытуға, жаңа жобалар мен ғылыми зерттеулердің жүзеге асырылуына қосып отырған үлесі орасан зор.

"Қазіргі таңда оқу орнында он мыңнан астам студент білім алуда. Жыл сайын екі мыңнан астам түлек қанаттарын шыңдап, аймағымыздағы медициналық мекемелеріне қызметке орналасуда. Олардың біліктілігін арттыру, практикалық сауаттылығын жоғарлату сияқты маңызды көрсеткіштер алдыңғы кезекте", - деді өз сөзінде университет ректоры  Ерсін Жүнісов. 

Кездесу соңында дөңгелек үстел басына жиналған қоғам белсенділері облыс медицинасын дамытудағы ортақ мақсатты жүзеге асыруда «Nur Otan» партиясының алар орны ерекше деген ойға түйісті. 

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы сайлау қорының қаражатынан төленді.