Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Келер жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы бой көтереді

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер — Күлпаршын Айдарханова, Бақыт Жаншаева, Жұлдыз Қожабекова тікелей эфирде «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтардың одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті.

Келер жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы бой көтереді
фото: дереккөз

Кездесу барысында үміткерлер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі басымдықтарға тоқталып өтті. Мәселен, Бақыт Жаншаева өңірде көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға қандай қолдау көрсетілгенін, алдағы уақытта оларды жұмыспен, баспанамен қамту мәселелері қалай шешілетінін жеткізді.

"Қазіргі таңда сіздердің араларыңызға қоғамды өзгерткісі келетін, ел дамуына үлес қосқысы келетін азаматтар бар. Мысалы, араларыңызда жүрген Шахан Жолдасбаев биыл қалалық мәслихат депутаттығына үміткер болып отыр. Шахан бастаған жастар қазір қоғамда тең мүмкіндік болу керектігін, «Кедергісіз келешек» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру нәтижелі екенін дәлелдеп жүр. Сондықтан сіздерден Nur Otan партиясына дауыс беріп, осы міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе еңбек етуге шақырамын", - деді Б.Жаншаева.

Ал Жұлдыз Қожабекованың айтуынша, бүгінгі күні облыста ерекше білім беру қажеттілігі бар 3-6 жас аралығындағы 6370 бала бар. Оңалту балабақшаларында 515, жаппай балабақшалардың оңалту топтарында 301 бала қамтылған. Сонымен қатар облыста 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 3,5 мың бала және 94,5 мың зейнеткер тұрады. Бұл үшін «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары өз жұмысын күшейтеді және егде жастағы адамдарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық позициясын жандандыруға бағытталатын болады.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында Nur Otan партиясы 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық қайта оңалту орталығының құрылысын, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде қалалар мен аудандардағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының санын арттыруды көздейді.
Айта кету керек, 2022 жылы Ақтөбе, Хромтау, Қандыағаш және Алға қалаларында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешені, 2023 жылы Ақтөбе қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы оңалту балабақшасы салынады. Жалпы балабақшаларда 44 арнайы оңалту тобы ашылады. 

"Келер жылы мүгедектігі бар адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу жоспарлануда. Бұл да еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалып отырған зор мүмкіндік", - деген Жұлдыз Қожабекова бірлестік өкілдерін алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. 

Бұдан кейін тікелей эфирде Күлпаршын Айдарханова биыл облыста жасалған бірқатар жобаларға тоқталып, партияның бес жылдық бағдарламасындағы 7 негізгі бағыт туралы айтып берді.

"Биылғы жыл біз үшін қиындықтарға толы жыл болды. Әлемде болған пандемия біздің өмірімізді толығымен өзгертті және бізді көптеген мәселелерге басқаша қарауға үйретті. Кез-келген мемлекеттің басты құндылығы – адамдардың өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Алайда осы сын-қатерлерге қарамастан, Nur Otan партиясы экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа орындарын құру, біздің облысты өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады", - деді К.Айдарханова. 

Онлайн кездесу соңында үміткерлер қоғамдық бірлестік өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, бағдарламада айтылған басымдықтар туралы өзара пікір алмасты. 

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық сайлау қорынан төленді.