Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Nur Otan: Әлеуметтік сала - біздің назарда!

Бүгін сайлау науханының 12-ші күні. Осыған орай бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жалғасын тапты.

Nur Otan: Әлеуметтік сала - біздің назарда!
фото: дереккөз

Ұжыммен өткен  кездесуде мәжіліс депутатығына үміткер Жадыра Таңатарова, қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер  Айжан Наймбекова, Гуляим Шунгараева NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырды.

Nur Otan партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға ие. Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті.

Осы мақсатта, алдағы 5 жылдық  партияның бағдарламасында Шымкент қаласы бойынша жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді. Сондай-ақ, 2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған  1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі. Жалпы, медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. 

Сонымен қатар жиында үміткерлер білім саласындағы өзгерістерге тоқталды. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салады. Осы мақсатта, мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, 24 мектеп, 3 интернат, 1 колледж және 13 балабақша күрделі жөндеуден өтеді. 2021 жылы «жан басына қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 400 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданысқа беріледі. Нәтижесінде 19 үш ауысымды мектептің мәселесі толық шешіледі.

Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2020-2021 оқу жылында мектептерге 15 075 дана компьютер, 18 000 дана партаға қаржы бөлінеді. 17 мектепке спорт алаңдары және 36 мектептер ішкі әжетханалармен қамтылады. Айта кетейік, Шымкент қаласының сайлау алды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды. NurOtan - нақты істер партиясы! «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз».

Шымкент қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.