Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Біз бірге жеңеміз!

Сайлау алдындағы науқан аясында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат А.С. Үйсімбаевтың Сандықтау ауданының сайлаушыларымен үгіт кездесулері өтті.

Біз бірге жеңеміз!
фото: дереккөз

Асқарбек Съезбекұлы Nur Otan партиясының Сандықтау аумақтық филиалы "Басқару" бастауыш партия ұйымынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынылды. Nur Otan партиясы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет праймериз өткізілетінін жариялады.

Партияішілік праймеризді өткізу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыдан үш жыл бұрын іргесін қалаған партиялық-саяси жүйені терең трансформациялаудың, сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жаңғырту саясатының нәтижесі болып табылады.

Осының арқасында қазақстандықтардың еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан маңызды өзгерістерге қатысу мүмкіндігі пайда болды.

Халықты сайлауалды науқанмен таныстыру мақсатында Асқарбек Үйсімбаев «Есіктен есікке» акциясына белсенді қатысып, Сандықтау ауданының тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының бағдарламасының негізгі бағыттарын, оның жетістіктері мен перспективаларын айтып өтті.

Сондай-ақ, үгіт-насихат кездесулері ауыл шаруашылығы еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының өкілдерімен, кәсіпкерлермен және өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен өтті.

Асқарбек Съезбекұлы әрбір адамның басты арманы – өзі үшін де, кейінгі ұрпақ үшін де лайықты өмір сүру мақсатын жүзеге асыруға белгілі бір үлес қоса алатын кейбір мәселелерге қатысты өзінің көзқарасын ұсынды.

"Бірінші кезекте аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жан - жақты көмек көрсетуді өз міндетім деп санаймын", - деді кандидат.

Сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистері.
- Бірінші кезекте саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді одан әрі нығайту қажет.
- Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ол үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде кластерлік тәсілді енгізу қажет.
- Ауыл тұрғындарының техниканы несиеге және лизингке алу тетігін жетілдіру, кредиттерді ауылдық жерлерде орта және шағын бизнестің өндірістік объектілерін дамытуға бағыттау.
- Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту, отбасының рөлін нығайту, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету. Өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілікті, мақсаткерлікті, патриотизмді тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
- Ауылды цифрландыру, интернетке жылдам қолжетімділік, ауылда Интернеттің жылдам болмауы Агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологиялардың енгізілуін айтарлықтай тежейді.
- Жастардың бос уақытын өткізу және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу, ауданның елді мекендерінде спорт және балалар алаңдарын салуға жәрдемдесу қажет.
- Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорттағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу.
- Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

КАНВАССИНГ аясында Сандықтау ауданының құрметті тұрғындарымен, этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қатысушыларға сайлауалды бағдарламасы айтылып, аудан дамуының болашағы талқыланды, үгіт-насихат бағдарламалары таратылды.

"КАНДИДАТҚА СҰРАҚ ҚОЙ" акциясы аясында әлеуметтік желілер платформасында тікелей эфирлер өткізілді, онда барлық тілек білдірушілер Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидатқа қызықтыратын сұрақтарды қойып, оларға толық жауап ала алды.

Ауыл тұрғындарының мүдделерін білдіре отырып, Асқарбек Съезбекұлы өзекті мәселелер мен оларды шешудің негізгі бағыттары туралы айтты.

"Біз тұрғындарымыздың сенімін бағалауымыз керек және халықтың үмітіне сай болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Партиямыздың бағдарламасы аясындағы белсенді жұмыс өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және ауданымыздың әрбір тұрғыны даму мен өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады деп сенемін", - деді кандидат.

Nur Otan партиясының Сандыктау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.