Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Nur Otan партиясынан үміткер аудан жастарымен кездесті

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бағдашжан Молдашева хромтаулық жастармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Nur Otan партиясынан үміткер аудан жастарымен кездесті

Ақтөбенің Хромтау қаласы - өндірісті өңір. Мұндағы тұрғындардың көбі кен орнында жұмыс істейді. Nur Otan партиясы атынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бағдашжан Молдашеваның кезекті кездесуі ел болашағы жастармен өтті. Үміткер партияның алдағы бес жылдық жоспарын таныстырып, жастардың дамуы мен сапалы өмір сүруі үшін жасалатын жағдай туралы айтты.

"Nur Otan партиясы - Қазақстанның көшбасшы партиясы.  Қазақстандықтардың, өз сайлаушыларының сенімін ақтаған және уақыт сынынан сүрінбей өткен партия. Біздің мақсатымыз - еліміздің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыру. Біз өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз және сіздің ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз. Өткен жылы жастар жылы болды. Сол кезде жоғары және орта арнаулы оқу орындарын аяқтаған түлектердің 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Ал өзгесі магистратураға түсіп, оқуын әрі қарай жалғастырды. "Бизнес Бастау" жобасы аясында 195 жас өз ісін ашу үшін шағын несие алды. Сондай-ақ 500-ге жуық жас жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз негізде грантқа ие болды. "Жасыл ел" жасақтары қатарында 5 мың жас еңбек етті. Ал биыл - Еріктілер жылы. Ауданда "Жасыл ел" бағдарламасы арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту үшін 80 жұмыс орны берілді.  Аудан бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл басынан бері 352 жас қоғамдық жұмысқа орналасты", - деді Бағдашжан Молдашева.

Жастар сапалы білім алып, жұмысқа орналасу, отбасын құрып, баспаналы болу, өздері де ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу жолын таңдайтыны хақ. Олар бұл жолда түрлі кедергіге тап болғанымен, өмірлік қиындықты еңсеруде мемлекеттік бағдарламалардың көмегі мол. Бір ғана баспана мәселесін шешуде "5-10-20", "7-20-25" бағдарламалары қарастырылған. Хромтаулық жастар да тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жайын сұрады.

"Жастар – ел болашағы. Бұл сөздің маңынасы терең. Қазір атқарылып жатқан іс ертеңгі күннің іргетасы, берік қабырғасы. Біз бүгін өнімді жұмыс істесек, ертең жарқын күндердің куәсі боламыз. Мен жастарды сол татулығы мен тұрақтылығы бекем, экономикасы қарыштап дамыған елдің бүгіні мен болашағы үшін дауыс беруге шақырамын. Nur Otan партиясы нақты міндеттерді алға қойды. Сол міндеттердің орындалуы үнемі бақылауда болады", - деді үміткер.

Партияның Ақтөбе облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында жыл сайын кем дегенде 8 мың жасты жұмысқа орналастыру міндеті алға қойылған. Ал студенттер үшін 5 жатақхана салынады. Сонымен бірге ірі мұнай, кен өндіру компаниялары мен оқу орындары арасындағы келісім жастардың еңбекке араластыруға мүмкіндік береді.

"Біздің бағдарламамыз Ақтөбе облысын кешенді дамытуға бағытталған. Nur Otan партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың біртұтастығына, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының жақсаруына жұмыс істеуді жалғастырады. Біз алдымызға сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямыз", - деді Бағдашжан Молдашева.

Nur Otan партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.