Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Кандидаттардың кешен тұрғындарымен кездесуі

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәлік Құлшар мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұрат Мұқаев Орал қаласындағы «SOFIA» тұрғын үй кешені  тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кандидаттардың кешен тұрғындарымен кездесуі

"Келер жылдың 10-қаңтарында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні баршаңызға белгілі. Осы саяси науқанның қарсаңында біздер қала тұрғындары мен аудан-ауыл халқымен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап жүрміз. Бүгін сондай кездесу сіз тұратын көшеде де өтуде. Бізге қояр сауалдарыңыз болса тыңдауға, шама келгенше қордаланған мәселелердің шешілу жолдарын қарауға тырысамыз",- деді М.Мұқаев.

Кездесуде сөз алған көшенің жас тұрғыны Әлішер Жұбан көне шаһардың сәнін алып тұрған ескі ғимараттар мен тұрғын үйлерді жаңалау қажеттігін айтты.

"Бұл жұмыстың қолға алынғанына біраз жыл болды. Орал қаласындағы тозығы жеткен бірнеше үйлер бұзылып, орнына су жаңа көп қабатты үйлер салынуда. Бірақ көне үйлер әлі де бар. Бұларды кезең-кезеңмен жаңарту қала әкімдігінің жоспарына енген. Тозығы жеткен үй тұрғындарының 70 % келісім берсе, ол үйлер сүріліп, инвестор орынына жаңа үй салады. Ал электр жарығы, көгілдір отын, ауыз су, кәріз жүйесі секілді инфрақұрылымдар мемлекет қаржысы есебінен тартылып беріледі. Тұрғын үй компаниясы ескі үйден көшірілген тұрғындарға баспананы тегін беріп, қалған пәтерлері сатуға құқылы",- деді Мәлік Құлшар.

Ал сол маңдағы Саратов көшесі №98 үйдің тұрғыны Тастайбек Мерғалиев көшеге жаяу жүргіншілер жолын төсеу, аталған тұрғын үйге тартылған электр желсін жаңарту, кәріз жүйесін жөндеу секілді мәселелерді айтып өтті.

"Біз тұратын тұрғын үй өте ескі. Бұған дейін облыс мәслихаттағы депутаттар мен қала әкімдігі тұрғын үйдің жылу жүйесі мен ауыз суын жөндеуден өткізуге жәрдемдесті. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Биылғы жылы көшеміз жөнделіп, асфальт төселді. Көршілердің күшімен тұрғын үй ауласына қақпа орнатып жатырмыз. Енді жол жиегінен тротуар салынып, жаяу жүргіншілер жолағы жасақталса дейміз. Елдегі саясаттан, өтетін сайлаудан толықтай хабардармыз. Алдағы саяси науқанда өз таңдауымызды жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс береміз. Біздің өңірден депутат болуға лайықты деп танылған үміткерлерге сәттілік тілейміз",- деді Т.Мерғалиев.

Қала тұрғындарымен кездескен кандидаттар олардың айтқан мәселелерін қаперге алып, құзырлы мекемелерге жеткізіп, шешілу жолдарын қарастыратындықтарын айтты.

Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.