Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Үгіт-насихат жұмысы ширай түсуде

Келер жылдың 10-шы қаңтары күні өтетін Мәжіліс және әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты үгіт-насихат жұмыстары күн өткен сайын қыза түсуде.

Үгіт-насихат жұмысы ширай түсуде
фото: дереккөз

Жақында Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Бибигүл Қонысбаевой, Аветика Амирханян, Мұрат Жакибаев, Фарид Бахтиозин, Гүлмира Батпақұлова және Нұрғазы Сәтбаев пен Әсел Мырзахметованың сенімді өкілдері Деркөл кентінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кенттегі Мәдениет үйіне жиналған ауыл тұрғындары кандидаттарға өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтып, кездесуге белсенді қатысты.

"Деркөл ауылында орта жалпы білім беретін №12, 48, 49 үш мектеп бар екенін жақсы білесіздер. Бұл мектептердегі ұстаздардың көпшілігі қаланың шеткі аудандарынан қатынап, жұмыс жасайды. Олар таңда ерте, кеште кеш қаланың орталығын жүріп өтіп, қызмет орындарына келуге мәжбүр. Осы жағдайды ескере отырып, Деркөл кентінен ұстаздарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға арнап, көп қабатты тұрғын үйлер салынса дейміз. Тағы бір түйіткіл – аулаларға балалар алаңын салу болатын. Ол мәселе Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына енгендігіне қуаныштымыз. Кент тұрғындарының ендігі өтініші – ол тұмыстық қалдықтар төгетін контейнелер санын көбейту. Қазіргі таңда өз басым қоқыс жәшігіне бару үшін біршама жол жүруіме тура келеді. Тұрғындардың көпшілігі тұрмыстық қалдықтарды арнайы орынға жеткізбей, орта жолдан тастай салады. Осы түйіткілді шешсеңіздер екен. Өзім 2007 жылдан бері Nur Otan партиясының мүшесімін және партияның барлық бастамаларын қолдаймын", -деді кент тұрғыны Гүлнұр Мұхамбетярова.

Сайлаушылардың алдында сөз алған кандидаттар облыстың қаржылық жағдайы мен экономикасы, өнім өндіру мен кәсіпкерлікті дамыту, көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға барынша көмек көрсету жайларына тоқталып өтті.

Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.