Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Nur Otan партиясынан Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер спортшылармен кездесті

Кездесу барысында түрлі мәселелер қозғалды. Соның ішінде бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды қолдау, салауатты өмір салтын ұстану әдеттерін қалыптастыру және жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру сынды ұсыныстар түсті.

Nur Otan партиясынан Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер спортшылармен кездесті

Ел болашағы дені сау жастар, сондықтан, спорт қоғамның айнымас бөлшегі екенін партия толық түсініп, осы салаға үлкен мән береді. Кездесуде бой көрсеткен кандидаттар спорт кешенін көріп қана қоймай, спортшы жасөспірімдердің ата-аналармен де сұхбаттасты. Ұйымдастырушы, Nur Otan партиясының Бірлік филиалы төрағасының орынбасары Шыңғыс Қожахметов:

"Қазіргі таңда осындай іс-шаралар арқылы партияның қоғам өміріне немқұрайлы қарамайтынын байқасаңыздар болады. Спорт, ол адам өмірінің бір бөлшегіне айналу керектігін қала тұрғындарына түсіндіруге тырысамыз. Сонымен қатар,  адамдардың спортпен айналысуға мүмкіндігі бар ма, жағдай жасалған ба, соны да тексеріп, мониторинг жүргізіп тұрамыз"- деді.

Кездесуде П.О. Казанцев, Қ.С. Мусин, Ж.Н. Нұрмағамбетова, Р. Медетов, Б.М. Сартбаев, Н.Р. Раззак, Х.Ж. Балтаева сынды кандидаттар бой көрсетіп, партияның сайлауалды бағдарламасын спортшыларға түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Нұр-сұлтан қаласы бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс беретін болады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.