Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте "Тоғыс" тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды

Кандидаттар шешімін күткен сауалдар партия назарына алынып, сайлауалды бағдарлама негізінде оң шешімін табатынын айтты.

Шымкентте "Тоғыс" тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды
фото: дереккөз

Бүгін Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Гуляим Шунгараева, Қайрат Сүлейменов, Айжан Наимбекова Еңбекші ауданы  "Тоғыс" тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Жиында партияның алдағы бес жылдыққа жұмыс жоспары мен қалалық Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары  түсіндірілді. Іс-шараға жиылған "Тоғыс" тұрғын алабының тұрғындары аудандағы өзекті мәселелері бойынша талап-тілектерін жеткізіп, елді мекенді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын айтты.

"Тоғыс" тұрғын алабы қаламыздың шалғай аймағында орналасқандықтан, онда қордаланған бірқатар мәселелер бар. Кандидаттар шешімін күткен сауалдар партия назарына алынып, сайлауалды бағдарлама негізінде оң шешімін табатынын айтты.

Партияның XX съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, "Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!".

Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салаларды дамыту қамтылған, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары бойынша нақты міндеттер бекітілген. Сондай-ақ, бағдарлама мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.