Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Үгіттік кездесу "Нур Каад Агро" ЖШС-інде өтті

Желтоқсанның 14-і күні Дәуіт ауылында аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар, ПБК, ЖҚӘҚК мүшелерінің "Нур Каад Агро" ЖШС еңбек ұжымымен Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Үгіттік кездесу "Нур Каад Агро" ЖШС-інде өтті

Аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар Айбек Хоршат, Сәуле Ахметова және Оксана Киккаринованың үгіттік кездесуі "Нур Каад Агро" ЖШС өтті.

Кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірушілері ҚР Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлауы келесі жылдың 10 қаңтарында өтетінін ескере келе, бұл шараға аталған партия белсенділік танытатынын жеткізді.

Сөз алғандар партия бағдарламасының негізгі аспектілерін жеткізіп, ауданымыздың дамуының жеті басымдықтарын белгілеп, тарқатып берді.

Мәселен, Біздің тұрғындарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі  арттыру үшін ауданның ішкі азық-түлік нарығының үздіксіз жұмысын сақтауға және экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге баса назар аударылатын болады. Ол үшін біз Ақжар ауданының шекаралық орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын пайдаланып қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамытатын боламыз.

Дәнді-дақылдардың өнімділігін гектарына 13,7 центнерден 19 центнерге, майлы дақылдарды 9,2 центнерден 12 центнерге арттыратын боламыз.

Инвестицияны тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларын қолдану, заманауи технологияларды енгізу арқылы аудан экономикасын одан әрі дамыту есебінен партия азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне барынша қолдау көрсетуге ниетті.

Диалог кезінде үгіт тобы "Нур Каад Агро" ЖШС ұжымы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Ал Ленинград ауылдық округі арқылы, соның ішінде Дәуіт ауылын тіліп өтетін "Казгородок- Горьковское" даңғыл жолды күрделі жөндеуден өткізуге қаржыландыруын тосуда, ал бұл істі жүзеге асыруға жобалық-сметалық құжаттама дайын. Жолдың жөндеу аумағы Алқатерек ауылдық округін де қамтитын болады.

Кездесу соңында Nur Otan партиясының үгіттік тобы "Нур Каад Агро" ЖШС қызметкерлеріне зор денсаулық пен ел игілігі мақсатында атқарып жатқан жұмыстарына табыс тіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.