Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мәжіліске депутат болғысы келетіндердің ең жасы мен ең үлкені нешеде?

"...Ең үлкені - 1950 жылғы азамат. Тізімге енгендердің ішінде 12 ұлт өкілі бар..." - дейді Константин Петров.

Мәжіліске депутат болғысы келетіндердің ең жасы мен ең үлкені нешеде?
Фото: ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің ең жасы мен ең үлкенін айтып берді, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Петровтың айтуынша, партиялық тізімге 222 ер, 90 әйел енгізілген.

"Орташа жас - 46 жас. 29 жасқа толмаған 19 адам бар. Ең жасы - 1995 жылы туған, ең үлкені - 1950 жылғы азамат. Тізімге енгендердің ішінде 12 ұлт өкілі бар. Олардың ішінде 79 пайызы - қазақ, 13,8 пайызы - орыс және қалғаны - басқа ұлт өкілдері. Партиялық тізімдерге Парламент Мәжілісі VІ шақырылымының 34 депутаты енгізілді", - дейді ол.

Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясының фото, аудио және бейнежазба жүргізуге тыйым салмайтыны белгілі болды. Алайда, қаулыға сәйкес олардың бәрі дауыс беру құпиясы мен сайлаушының дербес дерегін ескеруі тиіс.

Еске сала кетсек, Мәжіліс сайлауына түскен 5 партия 312 үміткерді ұсынып отыр. Оның ішінде "Ауыл" партиясынан - 19, "Нұр Отаннан" - 126, "Адалдан" - 16, "Ақ жолдан" - 38 және "Қазақстан халық партиясы" атынан - 113 адам бар.