Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Ұйым жарғысының көшірмесі көп болып па?": ОСК басшысы түсініктеме берді

Ал тәуелсіз сарапшылар құжат байқаушылардың әрекетін шектейді деп айтқан.

"Ұйым жарғысының көшірмесі көп болып па?": ОСК басшысы түсініктеме берді
Фото: ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) басшысы Берік Имашев 10 желтоқсан күнгі жиын кезінде байқаушыларға байланысты қабылданған қаулыны түсіндірді, деп хабарлады paryz.kz, Азапттық радиосына сілтеме жасап.

Имашев қаулыға байланысты айтылған сындарды жоққа шығарды. 4 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы тәуелсіз байқаушылар туралы қаулы қабылдаған болатын. Ал тәуелсіз сарапшылар құжат байқаушылардың әрекетін шектейді деп айтқан.

10 желтоқсан күнгі жиын кезінде қаулы жайлы әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында жарияланған сын-ескертпелерден үзінді келтірген Имашев құжатты толық оқымай жатып негізсіз айып тағатындарды сынады.

"Мысал келтірейін, бұл қаулының кесірінен тәуелсіз ұйымдардың басым бөлігі сайлау процесін бақылау мүмкіндігінен айырылады. Себебі байқаушы болып тіркелу үшін көп құжат қажет дейді. Ал мемлекеттік тіркеу туралы анықтама мен ұйым жарғысының көшірмесі көп болып па?”, - деді Имашев.

Оның сөзінше, байқаушылар былтырғы президент сайлауында бірқатар қателіктер жіберген.

ОСК қабылдаған жаңа қаулыда сайлауды бақылауға құқығы бар ұйымдар ғана сайлау учаскесіндегі дауыс беруді қадағалай алатыны, ал фото-видеоға түсіру үшін сайлау комиссиясының рұқсаты керек екені айтылған. Осыған дейін тәуелсіз байқаушылар бұл талапты заңға қайшы деп атаған болатын.