Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

“Мектепке сайлауды жақындатпаңыз!”: ұстаз Аймағамбетовке талап қойды

"Мемлекеттің, халықтың ақшасы далада жатқан жоқ", - деді Айман Сағидулла.

Askhat Aimagambetov мырза! Халық үшін жасауыңыз қажет бір іс бар. 1. Мектепке сайлауды жақындатпау. 2. Мектеп...

Опубликовано Aiman Sagidulla Суббота, 5 декабря 2020 г.
“Мектепке сайлауды жақындатпаңыз!”: ұстаз Аймағамбетовке талап қойды
Фото: ашық дереккөз

Танымал мұғалім Айман Сағидулла Facebook парақшасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұсыныс жасады, деп хабарлады paryz.kz.

Ол алда болатын Парламент сайлауына мектептерді араластырмауды сұрап отыр. Айтуынша, сайлауда болатын іс-әрекеттер мұғалімдердің абыройына нұқсан келтіреді екен.

Мұғалімнің ұсынысы төмендегідей:

Асхат Аймағамбетов мырза! Халық үшін жасауыңыз қажет бір іс бар.

1. Мектепке сайлауды жақындатпау.

2. Мектеп мұғалімдері мен басшыларының комиссия мүшелігіне кіруіне тыйым салу (Қажет болса, заңға енгізу).

3. Сайлау участкелерін мектеп ғимаратынан ашуға тыйым салу.

Бұл - сайлаудың арам ісіне мұғалімдерді араластырып, мұғалімнің беделін түсіруге жол бермеудің негізгі жолы. Сондықтан мектеп пен мұғалімді сайлаудан қорғап, осы мәселені қолға алуыңызды сұраймын!

Әрі сайлау аяқталғанша мектеп директорларының жұмысын тоқтатып, айлықтарын азайту қажет деп санайды.

"Сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы - мектеп директорлары. Директорлардың жұмыс уақыты таңғы 8.00-ден 18.00 аралығында. Олар сол аралықта директорлық жұмысына жалақы алады. Сонда сайлау комиссиясының төрағасы ретінде қай кезеңде жұмыс істейді? Түнде ме?

Әрине, директорлық жұмысының уақытында жұмыс істеп жүр. Сондықтан сайлау комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеп жүрген мектеп директорларын, сайлау біткенше, уақытша директорлық қызметтен шеттетіп, жалақыларын толық қысқартуларыңызды сұраймын. Сайлау комиссиясының төрағасы болғаны үшін де жалақы алады. Бір адам бір уақытта екі жұмысты қалай істейді? Мемлекеттің, халықтың ақшасы далада жатқан жоқ.

Ақшаларын қызғанбаймын. Істемеген жұмысына ақша төлеп отырсыздар. Ойланып көріңізші. Бір уақытта екі жұмыс істей ала ма? Осылай бір кезеңде екі жұмыс істеп, екі жұмыстан жалақы алуға заң не дейді?" - деп жазған Айман Сағидулла әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, елімізде 2021 жылы 10 қаңтарда Мәжіліс сайлауы өтпек. Ал былтырғы Президент сайлауында Қазақстанның мектеп ұжымдары толықтай сайлау жұмыстарына атсалысты.