Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Биліктің агенті ғана емес, "Нұр Отанның" белсенді қолдаушысымын!" - Айдос Сарым

Айтуынша, қазір мемлекет пен ішкі саясат тізгінін ұстап отырған азаматтардың біразы өзінің достары екен.

"Биліктің агенті ғана емес, "Нұр Отанның" белсенді қолдаушысымын!" - Айдос Сарым
фото: abai.kz

Кезінде оппозициялық партияларды төңіректеп, кейін Әміржан Қосановтың да қасынан табылған Айдос Сарым енді алдағы сайлауда билік партиясының атынан депутаттыққа түсу себебін айтты, деп хабарлады paryz.kz, Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

"Айдос Сарым – биліктің агенті деген әңгімелер әбден шаршатты. Сондықтан да осы тақырыпты біржола жабайын деген ниет еді. Жай ғана агент емеспін, билік партиясының мүшесімін. Билік ұсынып отырған күн тәртібі мен реформалық бағыттың белсенді қолдаушысымын. Бұл тақырып енді үзілді-кесілді жабылған шығар деп ойлаймын", - дейді ол.

Айтуынша, қазір мемлекет пен ішкі саясат тізгінін ұстап отырған азаматтардың біразы өзінің достары екен.

"Біреуге ұнасын-ұнамасын, соңғы отыз жылымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Оның атын қазақ, Қазақстан тарихынан ешкім де өшіре алмайды", - деп салды Айдос Сарым сұхбат барысында.

Ал әріптесіміздің "Тоқаев популист пе?" деген сұрағына: "Тоқаев популист емес, керісінше, жауапкершілігін айқын сезінетін мемлекетшіл, өз дәрежесі мен түсінігіндегі ұлтшыл саясаткер. Табиғаты, тұла-бойы саясаткер, мемлекеттік қайраткер адам дер едім", - деп жауап берген.

Сарымның пайымдауынша, Тоқаевты "әлсіз, құлықсыз" деп кекетіп-мұқатып жүргендердің оның мықтылығына талай көзі жететін болады-мыс. Ал әлсіз екен деп қарсы шапқандар оңбай жеңіледі екен.

Cұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде.