Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

Қазақстанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құрылды, Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлгінің баспасөз қызметін хабарлады.

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
фото: ҚазАқпарат

Қор Индустриялық даму және Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламаларының қаржы операторы - «ҚДБ-Лизинг» АҚ базасында құрылды.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, еліміздің алдында тұрған маңызды міндет - өнеркәсіптік әлеуетті барынша дамыту.

Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыруды тапсырды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚДБ-Лизингімен бірлесіп өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын жаңғырту және отандық өндіріс тауарларына сұранысты ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда.

Қорды құру өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қор отандық кәсіпорындарды 3% - дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.