IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғаған Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды.
Sport Salaries-тің мәліметіне сүйенсек Жәнібек 500 мың доллар алған. Ал Анауэль Нгамиссенгеннің сыйақысы 350 мың долларды құраған. Бұл сома ақылы трансляцияны сатудан түскен қаражатқа байланысты әлі де өсуі мүмкін.
Жәнібек Анауэльді 5 сәуір күні бесінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтаған еді.
Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.