Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Тарихи жеңіс: Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды paryz.kz.

Тарихи жеңіс: Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Фото: qazsport

Ол 48 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. 

Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырының биігіне көтерілген еді.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды.