Алматылық "Қайрат" пен лондондық "Челси" 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Дастан Сәтпаев 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады.
Ол сол уақытқа дейін "Қайрат" сапында өнер көрсетеді. Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында "Қайрат" Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өткен футболшы.