Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Сұрап алмаппым»: Станислав Черчесов Қазақстандағы өкінішін айтты

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында атқарған жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz 1bol.kz—ке сілтеме жасап.

«Сұрап алмаппым»: Станислав Черчесов Қазақстандағы өкінішін айтты
Фото: ҚФФ

Есте болса, ресейлік маман 2024 жылдың жазында ұлттық құраманың тізгінін ұстап, биыл қаңтар айының соңында отставкаға кетті.

«Жақында маған біреу Қазақстанның премьер-лигасы нешінші орында деп сұрады (Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясының (IFFHS) тұжырымы бойынша 86-орында – авт.). Футболды дамытуды мемлекеттік тұрғыда айналысу керек. Қазақстанда мұндай жұмыс аса ауқымды көлемде емес. Менің тұсымда ҚФФ белсенді әрекет бастаған болатын. Елдің біраз аймағын аралап, өз көзіммен көрдім. Стадиондарға назар салына бастады. Мұндай қадам Әділет Барменқұловтың тұсында қолға алынды. Енді ол жұмыстар тоқтап қалмайды деп сенемін. Қазір ұлттық құрама, жастар құрамасы, жасөспірімдер барлығы «Қайраттың» алаңында жаттығып жүр. Өйткені басқа жер жоқ. Оның үстіне, былтыр Астанадағы стадионды жөндеуге жауып тастаған еді», - дейді Станислав Черчесов. 

Ол осы ретте «Астана Арена» жабылып қалған тұста ұлттық құраманы қабылдап алғанына аздап өкініш білдіретінін де жасырмады.

«Тағайындалған кезде бұл туралы білмедім. Жасанды алаңда ойнамайтынымыз минусымыз екен. Сұрап алмаппым ғой. Өкіндім. Әйтпесе, басшылықтың алдында бұл мәселені қояр едім», - дейді бапкер.