Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шығып қалды

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шығып қалды. Команданың бас бапкері мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шығып қалды
Фото: olympic.kz

Еске салайық, Сәкен былтырғы Париж Олимпиадасында да, Таиландта өткен Азия чемпионатында да ширек финалда жеңілді.

«Сәкен Азия чемпионатының алдында арқасынан жарақат алды. Сондықтан ол алда болатын оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды», - деді бас бапкер Қайрат Сәтжанов Sport+ тілшісіне берген сұхбатында. 

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанғалы жатыр. Мұнан кейін боксшыларымыз Болгарияда өтетін дәстүрлі Странджа кубогіне қатысады.

Келген соң Ресейде оқу-жаттығу жиынан өтіп, бапкерлер құрамы бірінші және екінші номерлі боксшыларды анықтайды.