Бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та ұшақта стюардессамен қарсыласқаны үшін рейстен шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Essentially Sports хабарлауынша, American Airline авиакомпаниясының ұшағымен ұшар алдында стюардесса Хабибтен апаттық есік алдынан басқа жаққа отыруын сұраған. Алайда Нурмагомедов орнын ауыстырудан бас тартқан.
Содан кейін стюардесса өзге қызметкерді шақырып, Нұрмагомедовты рейстен шығаруға мәжбүр болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда стюардесса Нұрмагомедовқа апаттық шығу қатарында отыруға рұқсат бере алмайтынын түсіндірген.
"Бұл әділетсіз. Мен алға‑артқа ауыспаймын", – деп жауап берді спортшы.