Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші күні қорытындыланды

3 қыркүйекте Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 17 команда Солтүстік Қазақстан облысының Ботай қонысынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Лесное елді мекенінде аяқтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші күні қорытындыланды
фото: ұлттық спорт қауымдастығы

Жалпы жол қашықтығы 500 шақырымды қамтиды және бағыты – Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласы. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 100 шақырымын бағындырды. 

Ертең олар екінші кезеңді бастайды. Лесное ауылынан басталатын жорық Атбасар елді мекеніне барып тоқтайды. Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Қырғызстан командасы жеңімпаз атанды. Қазақстандық Жамбыл облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жоба ұйымдастырушысы: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясы.

Қолдау көрсетушілер: AMANAT партиясы, Туризм және спорт министрлігі, Sport Qory, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдігі.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан», «Астана» телеарналары, «NurMedia» және «Halyq Uni Media» ресурстары.