Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Баходир Жалолов Иван Дычкомен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, ауыр салмақтағы танымал өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізуді әзірге жоспарлап отырған жоқ, деп жазды Sports.kz.

Баходир Жалолов Иван Дычкомен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады
Фото: sports.kz

Бұл туралы боксшы өзбекстандық БАҚ өкілдеріне айтып берді. Жалолов қазір демалып жатқанын, әзірге жекпе-жекке қатысты ұсыныс түспегенін айтты. Бұған дейін Жалоловтың жаттықтырушысы Толқын Қылышев Sports.kz порталының сұрағына жауап берген еді.

Бапкерге Жалолов пен қазақстандық Иван Дычкоға қарсы кәсіпқой рингтегі ықтимал жекпе-жек туралы сұрақ қойылған еді. Ол Жалолов қазір бабында екенін және жеңіске жететінін айтқан болатын.

Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, 13 нокаут жасаса, Баходир Жалолов та дәл осыншама жекпе-жек өткізіп және басым бөлігінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.