Қазақстанның үстел теннисі федерациясы Париж Олимпиадасында шеберлік танытып, мықтылармен иық тірестіре білген Кирилл Герасименконы жүлде алмаса да марапатсыз қалдырмады.
Естеріңізге салсақ, Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жекелей сында 9-орынды иеленді. Бұған дейін қазақстандық үстел теннис шеберлері мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.
Герасименко Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде Панамерика ойындарының жартылай финалисі чилилік Бургосты жеңді.
Ал екінші кездесуінде сенсация жасап, айды аспанға шығарды. Атап айтсақ, Еуропа чемпионы неміс Дан Цюдан 3-1 есебімен жеңіліп жатып, 4-3 есебімен жеңісті жұлып алды.
Ал ширек финалға жолдама алу жолында төрт Олимпиаданың қатысушысы, тәжірибелі Омар Ассармен (Египет) шеберлік байқасып, 4-2 есебімен есе жіберген еді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Герасименко әлемдік рейтингтегі позициясын 46-дан 37-ге дейін жақсартты.