Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын қорғап жатқан Әлішер Ерғали ширек финалда қарсыласынан ұтылып қалды.
97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалдыө белдесуде әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудиновтан 14:2 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетсек, ол алғашқы белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күресіп, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Өкінішке қарай, екінші белдесуінде ұтылып қалды. Әлішер үшін бұл екінші Олимпиада ойындары.