Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қазақстан спортшыларының 10 тамыздағы жарыс кестесі

Париж Олимпиадасында 10 тамыз, сенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың төрт түрінен — еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды, деп хабарлады paryz.kz.

Қазақстан спортшыларының 10 тамыздағы жарыс кестесі

Алдымен 14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды.

Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі. 

Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған.

Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.

19:35–те брейк-данстан жарыс басталады.

Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды.

Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған Ол D тобында сынға түседі.

Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.

20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 34-орында тұр.