Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақ боксына үлкен реформа қажет - Бокс федерациясының президенті

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ҚР Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп еліміздің бокс саласына үлкен өзгерістер жасалатынын айтты.

Қазақ боксына үлкен реформа қажет - Бокс федерациясының президенті

«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Қай жерден қандай ағаттықтар болғанын көрдік. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қалды. Қазір біз бір шешімге келіп, қазақ боксына реформа жүргізуді көздеп отырымыз», - деді ҚР Бокс федерациясының президенті.

Сонымен қатар, ол алдағы уақытта жасөспірімдерден бастап, Қазақстан чемпионатына дейінгі жарыстарда әр облыс біріншіліктерінде әділ, таза іріктеу жүргізілетіні туралы да атап өтті.

«Алдағы уақытта жас өспірімдерден бастап, Қазақстан чемпионатына дейінгі жарыстарда әр облыс біріншіліктерінде әділ, таза іріктеу жүргізіп, боксшыларымыздың да деңгейлерін көтеріп, жаңа бағытта жұмыстар жасаймыз. Куба, АҚШ сияқты елдерден мамандар алдырып, өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Енді алдағы Азия біріншіліктерінде, әлем чемпионаттарында, бар күшімізді салып еңбек етіп, жаңа қырымыздан көрінуге тырысамыз. Келесі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықпен баруға күш саламыз», - деді Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.