Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын қорғаған Юсуп Батырмырзаев алғашқы белдесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды paryz.kz.
125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше еркін күрестен екі балуанымыз жарыс жолына шығып, екеуі де бірінші белдесулерінде қарсыластарына жол берген еді.