Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстандық балуандардан бірінші болып бозкілемге 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков шықты.
Ол алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукспен кім мықтыны анықтады. Өкінішке қарай, аса тартысты өткен кездесуде Дәулетбеков АҚШ балуанынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Сонымен қатар бүгін еркін күрестен 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай ел намысын қорғайды. Ол 1/8 финалда Қырғызстан балуаны Бекзат Алмаз уулмен күреседі.