Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Демеу Жадыраев – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Демеу Жадыраев – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
Фото: ҰОК

Жазғы ойындардың финалында отандасымыз жапондық Нао Кусакадан жеңілді.

Айта кетелік, Демеу Жадыраев жартылай финалда әзербайжан балуаны Санан Сулеймановты, ал ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген болатын.

Осылайша, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.