Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Назым Қызайбай - Олимпиаданың қола жүлдегері

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшыдан ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Назым Қызайбай - Олимпиаданың қола жүлдегері
Фото: olympic.kz

50 келі салмақта ел намысн қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды.

Алайда, Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады. Назымның бұл жүлдесі - ел қоржынына түскен үшінші қола медаль. Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. 

Сондай-ақ Азия чемпионы атанған. Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында ең алғаш өткізген жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырды. 

Ал екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын. Сонымен қатар ширек финалда Колумбия боксшысы Каролайн Барбозаны жарыс жолынан шығарып, жартылай финалға шыққан болатын.