Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Грек-рим күресі: Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев жартылай финалда қарсыласын ұтып, финалға шықты.

Грек-рим күресі: Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты
Фото: Olympic.kz

Ол жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановпен кездесті. Нәтжесінде қазақ балуаны қарсыласын 6:1 есебімен айқын ұтты.

Осылайша Демеу Жадыраев париж олимпиадасының финалына шықты. 27 жастағы Сулейманов 2022, 2023 жылдардағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы.

Ал Демеу биыл 34 жаста. 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған спортшы. Былтырғы әлем чемпионатында Санан Демеуден 5:1 есебімен басым түскен еді. Міне, енді оған Париж төрінде есе қайтарды.