Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

5 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Париж Олимпиадасында 5 тамыз, дүйсенбі күні 5 спортшымыз стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Paryz.kz.

5 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Фото: ҰОК

Спортшыларымыздың сынға түсу сәтін тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел Арна» телеарналарынан көруге болады.

Скит микс (А. Орынбай/Э. Ещенко) сынында стенд атудан медальдар ойналады. Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр.

Осылайша, 5 тамызда Қазақстан спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Стенд ату 12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.

18:00 Финал.

Жеңіл атлетика 15: 50 Іріктеу кезеңі. Ольга Сафронова (200 м) жұбаныш жарысына қатысады.

23:45 Жартылай финал.

Грек-рим күресі 18: 00 60 кг салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали, 130 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов өнер көрсетеді.

00: 00 Жартылай финал.