Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші — 9:16.46 секунд.
Бұл — Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. жеңіл атлетика
Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.
Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.