Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

4 тамызда Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түседі

4 тамызда Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қай уақытта сайысқа түсетіні белгілі болды.

4 тамызда Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түседі
фото: ol

Ойын кестесі Астана уақытымен берілген.

12:00. Ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу. Никита Чирюкин

12:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Іріктеу (екінші күн) Әсем Орынбай

13:05. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 3000 м с/п. Бірінші кезең. Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей

13:55. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Бірінші кезең. Ольга Сафронова

14:50. Жеңіл атлетика. Ерлер. 110 м с/б. Бірінші кезең. Давид Ефремов

15:52 Бокс. Ерлер. Жартылай финал. 80 келі. Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы)

16:00. Оқу ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу (екінші). Никита Чирюкин

18:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Финал (Іріктеуден сәтті өткен жағдайда) Әсем Орынбай

Олимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.