Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Оның еншісінде кем дегенде қола медаль бар, деп жазады Paryz.kz.

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың жартылай финалына өтті
Фото: olympic.kz

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы атанды.

Айта кетелік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) жарысты аяқтаған болатын.