Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Париж-2024: Махмұд Сабырхан испаниялық қарсыласынан ұтылып қалды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Париж-2024: Махмұд Сабырхан испаниялық қарсыласынан ұтылып қалды
фото: Тұрар Қазанғапов

57 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз испаниялық Хосе Кулес Бротостан айласын асыра алмады.

Айта кетейік, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Асыланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жектерінде қарсыластарынан жеңіліп қалған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін ерлер арасында Нұрбек Оралбай, 51 келіде Сәкен Бибосынов, 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шыққан болатын.

Сонымен берге әйелер арасында Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін сәтті бастаған еді.

Айта кетейік, бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен — триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығуы тиіс.