Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Олимпиада-2024: Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Олимпиада-2024: Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды
фото: Тұрар Қазанғапов

80 келі салмақта сынға түскен спортшы австралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді. Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді.

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, қазақстандық боксшы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті.