Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан Олимпиадада жеңіліп қалды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан сынға түскен қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан қарсыласынан ұтылып қалды.  

Қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан Олимпиадада жеңіліп қалды
Фото: mp.weixin.qq.com

Ол 1/16 финалда доминикалық боксшы Кристиан Пиналеспен жұдырықтасып, 5:0 есебімен қарсыласына есе жіберді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Кристиан Пиналесті жеңімпаз деп тапты.

Айта кетсек, Қытайдағы қазақ боксшысының салмағында Қазақстан намысын Нұрбек Оралбай қорғайды. Осыған дейін көптеген жанкүйерлер екі қазақ боксшысы Париж олимпиадасында жолы түйісуі мүмкін деп топшылаған болатын.

Бұл Тоқтарбектің спорттық мәнсабындағы екінші олимпиадасы. Ол осыған дейін Токио төрінде де сынға түскен еді.