Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото: olympic.kz

Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді.

Алғашқы раундта Қамшыбек 3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді. Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испандық боксшының еншісінде кетті.

Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.