Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ерекше нәтиже тіркелді.

14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды
JULIAN FINNEY/GETTY IMAGES

Скейтбордшылар арасында жеңіс тұғырына үш бірдей жасөспірім спортшы көтерілді.

Ал араларында 14 жастағы жапон Коко Есидзава жеңімпаз атанды. ХОК мәліметінше, жапон қызы 272,75 ұпаймен стрит бағдарламасында топ жарды.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдесі Коконың отандасы Лиз Акамаға бұйырды (265,95). Акаманың жасы 15-те. Үздік үштікті 16 жастағы бразилиялық скейтбордшы Райсса Лил түйіндеді (253,37).

сидзаваның арқасында Жапония құрамасы медальдық есепте 1-орынға шығып отыр. Әзірге «күншығыс елінің» қоржынында 7 жүлде бар: 4 алтын, 2 күміс және 1 қола. Алғашқы үштікке Аустралия (6 медаль) мен АҚШ (12 медаль) енген.