Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді.
Отандасымыз 71 келі салмақта жұдырықтасқан. Ол иорданиялық Зейад Йшайшпен кездескен.
Алғашқы 2 раундта төрешілер 3:2 есебімен Асланбек басым болды деп санаған.
Бірақ үшінші раундта қарсыласы жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, Шымбергенов Олимпиада ойындарын аяқтады.
Ол бұған дейін ашуылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққан болатын.