Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Шавкат Рахмонов тренеріне қымбат көлік сыйлады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жаттықтырушысы Баян Жанғаловқа көлік сыйға тартты. Бұл туралы Sports.kz. жазды. 

Шавкат Рахмонов тренеріне қымбат көлік сыйлады
Фото: видеодан скриншот

Шавкат аталған көлікті тізгіндеп барып, кілтін бірден тренеріне табыстаған.

Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов тренері Баян Жанғаловтың жетекшілігінде ММА бойынша әлем чемпионы атанса, M-1 Global лигасында чемпион титулын жеңіп алғанын сондай-ақ  UFC алаңына шыға бастағанын еске саламыз. 

Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.