Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Ангелина Лукас Таиландта индонезиялық боксшы Харма Йестиді жеңді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкокте (Таиланд) индонезиялық боксшы Харма Йестимен жекпе-жек өткізді. Сегіз раундтық айқаста отандасымыз қарсыласынан басым түсті, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ангелина Лукас Таиландта индонезиялық боксшы Харма Йестиді жеңді
фото: әлеуметтік желіден

Осылайша, Ангелина кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал, Харма Йести төртінші рет жеңілді. 

Алдыңғы жекпе-жегінде Лукас WIBF және WBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Ол бесінші раундта Индиана Мамта Сингхті (5-2, 2 КО) нокаутқа жіберген болатын.