Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Қуат Хамитов Емельяненкомен күш сынасқысы келетінін айтты

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ACA лигасындағы келесі қарсыласын таңдады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қуат Хамитов Емельяненкомен күш сынасқысы келетінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Аралас жекпе-жек спортшысының айтуынша, ол тек бір шартпен ғана ресейлік промоушенге оралуға дайын.

«Мен АСА-ға қатысуға қызығып отырмын деп айтпаймын. Олар маған лайықты қарсылас тапса ғана жекпе-жекке шығатын едім. Бір ғана жекпе-жек үшін Александр Емельяненкомен шығар едім. Мен басқа есімдерді білмеймін, олар Емельяненконы қайтара алады. Ол жерде мықты дейтіндей шеберлер жоқ. Тек спортшылар ғана», - деді Хамитов MMA.Metaratings-ке берген пікірінде.