Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінде ойнаудан бас тартты

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина асқазан-ішек жолы ауруына байланысты, Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында теннистен өтіп жатқан WTA турнирін жалғастырудан бас тартты.

Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінде ойнаудан бас тартты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Кеше ол Польша өкілі Магдалена Френхтті жеңіп, Дубай WTA 1000 додасының ширек финалына шыққан болатын. ¼ финалда Рыбакина әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі керек еді.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асады. Бұл жүлде Рыбакинаға бұйырмай отыр. Дегенмен ол Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде ширек финалға жолдама алып, теннисшілер арасында соңғы 10 жылда ¼ финалға шыққан үш теннисшінің бірі атанды.

Еліміздің бірінші ракеткасы жыл басынан бері бесінші рет WTA турнирінің ширек финалына шықты.

Бұған дейін испаниялықтар Карла Суарес-Наварро (2015) мен Гарбинье Мугуруса (2020) Рыбакина сияқты халықаралық турнирде қатарынан 5 рет 1/финалға жолдама алған болатын.

Биылғы маусымды Елена Рыбакина жақсы бастаған еді. Ол Аустралияның Брисбен мен БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткен WTA турнирінің жеңімпазы атанса, жасыл құрлық елінің тағы бір қаласы – Аделаидада  ширек финалға дейін жетті. Ал Дохада WTA 1000 жарысының финалында өнер көрсетті.