Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Жасанды интеллект Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады (ВИДЕО)

Жасанды интеллекттің Deep Strike құралы Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады, деп хабарлады Paryz.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап. 

Жасанды интеллект Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады (ВИДЕО)
Фото: ©HBO Boxing

Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған еді. Ол 12 раундқа созылды.

Оның қорытындысы бойынша жекпе-жек тең аяқталды. Төрешілер Канелоның пайдасына 118:110, Головкиннің пайдасына 115:113 есеп берді. Сөйтіп, реферилердің шешімімен есеп 114:114 болды.

Deep Strike-тің талдауына қарағанда, Головкин Канелодан соққылар саны бойынша басым болған. Мексикалық боксшының 217, ал Головкиннің 300 соққы жасағанын анықтаған.

Сонымен бірге Геннадий Головкин жекпе-жектің 9 раундында көбірек соққы жасап, соққылардың жалпы саны бойынша да асып түскен.

Нәтижесінде 897:577 есебі тіркелді. Deep Strike Головкиннің Канелоны қысым бойынша да, яғни 49%:24% нәтижесімен жеңгенін анықтаған.

Одан кейін Deep Strike жасанды интеллекті құралы боксшылардың 2018 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен екінші жекпе-жегіне де талдау жүргізіп көрді.

Оның қорытындысы бойынша да Головкиннің жеңгені анықталды. Алайда бұл айқаста төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.